$ 441.66  475.14  4.86

Отандасымыз Қытайда «Қазақстан» шоколадын таратып, спортшыларымызға қолдау сұрады

Қазақстан қоржынында әзірге 9 медаль бар.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Отандасымыз Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындары барысында «Қазақстан» шоколадын таратып, спортшыларымызды қолдауға шақырып жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚазАқпарат жазуынша, Видео Туризм және спорт министрлігінің Telegram-парақшасында жарияланды. Онда отандасымыз спорттық жарыстар өтіп жатқан нысанның қауіпсіздік қызметкерімен, көше бойын тазалап жүрген жұмысшымен, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілімен сотпен анықталған дегенжәне басқа да адамдармен жұдырық түйістіру арқылы сәлемдесу ишарасын жасап, кейін бәріне «Қазақстан» шоколадын тарту етеді.

Видео соңында шетелдіктер: «Алға, Қазақстан!», деп қазақ тілінде спортшыларымызға қолдау білдіреді.

Еске салайық, 23 қыркүйекте басталған Азия ойындарында спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары