Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Махмұд Сабырханның 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚазАқпарат жазуынша, Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Солтүстік Кореядан келген О Тае Боммен қолғап түйістіреді.
Бұл жекпе-жек 30 қыркүйек күні өткізіледі.
Махмұд бұдан бұрын оңтүстіккореялық келген И Чань Лиді жеңген еді.
Ал О Тае Бом жарыстың алғашқы сатысында ешкіммен кездескен жоқ. Бірден 1/8 финалға жолдама алды.