27.09.2023, 10:20

Азиада-2023: Ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

Фото: Qaz_olympics / Тұрар Қазанғапов
Спортшыларымыз Азия ойындарының рекордын орнатып, жеңімпаз атанды.

ХІХ Жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Стенд ату спортының скит бағдарламасының командалық сынында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина Азия ойындарының рекордын орнатып, жеңімпаз атанды.