«KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзінің еңбекақысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін компания басшысы Самұрық-Қазына ғимаратына келіп, баспасөз мәслихатын өткізген.
Брифинг барысында журналистердің бірі одан айлығын сұрады. Нәби Айтжанов компания қызметкерлері айына орта есеппен 400-450 мың теңге алатынын айтты.
«KEGOK» компаниясы бойынша қызметкерлердің орташа айлығы – 450 мың теңге. Ал өзімнің айлығым 1 млн 900 мың теңге, - деп жауап берді Нәби Айтжанов.