$ 494.87  520.65  4.91

Депутат саусақ ізін тапсырмағандарға айыппұл салу бастамасын сынға алды

Әр азаматтың саусақ ізін алатындай, бізде не, концлагерь бар ма?
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов келер жылдан бастап құжат алғанда саусақ ізі таңбасын алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Әр азаматтың саусақ ізін алатындай, бізде не, концлагерь бар ма?" – деп сұрақ жолдады депутат Мәжіліс отырысында.

Оның пікірінше, саусақ іздерін алу халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезектердің пайда болуына әкеледі.

Сонымен қатар халық қалаулысы "процедураға қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салу дұрыс па?" деген сауалға пікір білдірді.

Менің ойымша, мүлдем дұрыс емес және мүмкін емес, - деді Асхат Рахымжанов.

Сондай-ақ, депутат аталған мәселені Мәжілісте қарау жоспарда барын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары