28.09.2023, 12:20

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті

Фото: olympics.com
Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды.

Қазақстан қоржыны екінші алтын жүлдемен толықты. Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеу сайысында сынға түскен қазақстандық мерген Зухра Ирназарова 560 ұпай олжалап, ХІХ Жазғы Азия ойындарының алтын жүлдесін еншіледі.

Керемет нәтиже! Зухраны кез-келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.