Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды деп болжанды.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз шығыс пен орталықта екпінді жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.
Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.