$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адам 20 жылға сотталды

20 қыркүйекте сот процесі кезінде құрбанның таныстарынан сұрақ-жауап алынды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйсіз-күйсіз әйелді айрықша қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Асхат Иманқұсовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйсіз-күйсіз алматылық әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеді деп айыпталған Асхат Иманқұсовқа қатысты басты сот талқысы аяқталды. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті.

Іс талқысына төрағалық еткен судья Мартпек Кәкімжанов үкімді жария ете отырып, сот Асхат Иманқұсовты кінәлі деп танып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарғанын атап өтті.

Бұған дейін прокурор Жаңыл Жұмабаева алқабилерге қылмыс орнынан түсірілген және Иманқұсовтың кінәсін дәлелдейтін іс материалдарындағы суреттер мен бейне жазбаларды көрсетіп, таныстырған болатын.

Басы кесілген әйелдің денесі 2023 жылдың сәуір айының соңында қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылды, жәбірленушінің кесіп алынған басын қаскөй дүкенге қалдырып кеткен. 

20 қыркүйекте сот процесі кезінде құрбанның таныстарынан сұрақ-жауап алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары