Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.