$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда жасөспірімді көлік қағып кетті

Аталмыш бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Көкшетауда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

27 қыркүйек күні сағат 08.50-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметінен жергілікті облыстық балалар ауруханасына оң жақ жамбастың жабық сынуы диагнозымен жасөспірімнің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жергілікті колледждердің бірінде оқитын студенттің "Алатау" сауда үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде жолға шығып кеткенін алдын ала анықтады. Салдарынан 31 жастағы "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі тоқтауға үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Аталмыш бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары