$ 441.66  475.14  4.86

«Көтермелеп жібердік»: Санжар Тәшкенбайдың Азия ойындарына не себепті бармағаны белгілі болды

Бапкерлердің өзі Санжар босаңсып кетті, әлеуметтік желіге уақытын көп арнайды деп ренжіді.
tashkenbay_sanzhar
tashkenbay_sanzhar

Азия ойындарынан хабар тарату үшін Қытайға барған журналист Аслан Қаженов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Санжар Тәшкенбай не себепті Азиадада бақ сынамағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Таиландта өткен Азия чемпионатын жеңген Санжар Тәшкенбай Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысқан жоқ. Сол сәтте ол Ақтаудағы халықаралық турнирде бақ сынап, жеңіліп қалған, деп жазады Stan.kz.
Журналистің айтуынша, ол жеңісінен кейін даңқты көтере алмай қалған.

Санжарды қатты көтермелеп жібердік. Азия ойындарына іріктеу болды. Іріктеу алдында жаттығуларға келмей, бабы кетіп қалды. Үйленіп жатырмын деді. Жеңістен кейін тоқтап қалды, салмақ қосқан. Бапкерлердің өзі Санжар босаңсып кетті, әлеуметтік желіге уақытын көп арнайды деп ренжіді. Ақтауда жеңілді, енді содан сабақ алса екен. Себебі потенциалы бар физикалық қабілеті керемет спортшы, – деді Қаженов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары