$ 443.44  480.51  4.88

Жетісу облысында ер адам өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласқан.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының 63 жастағы тұрғынын полицейлер өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйек күні шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», - деп хабарлады ведомстводан.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары