29.09.2023, 20:30

Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Жапония командасы жеңімпаз атанды.

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында велотректің мэдисон бағдарламасы бойынша сынға түскен Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Skifnews.kz.  

Жарыста ел намысын Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов қорғады.

Алтын медаль Жапония құрамасында (54 ұпай), күміс медаль Оңтүстік Кореяның  спортшыларына ( 54 ұпай) бұйырды. Қазақстан құрамасы 37 ұпаймен қоланы қанағат тұтты.