$ 441.44  473.09  4.75

«Qazaqstan» орталық концерт залында жоспарланған іс-шаралар бірнеше күнге тоқтатылды

Концерттік ұйым келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
фото: Instagram/qazaqconcert
фото: Instagram/qazaqconcert

4-10 қазан аралығында елордадағы "Qazaqstan" орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар өтпейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы мұны жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен байланысты екенін хабарлайды.

2023 жылғы 4-10 қазан аралығында "Астана Су Арнасы" МКК Д=150 мм., Д=400 мм. (Астана LRT жобасы бойынша желілерді шығару) су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп, Мәңгілік Ел даңғылы 10/1 мекенжайы бойынша ауыз су беру тоқтатылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, "Qazaqstan" орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар көрсетілген мерзімде тоқтатылады", делінген хабарламада. 

Концерттік ұйым келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары