$ 441.66  475.14  4.86

Азиада-2023: Ел қоржыны тағы екі қола, екі күміспен толықты

Алтын медаль Тайпейден келген Канг-Че Лайға бұйырды.
Фото: Olympik.kz
Фото: Olympik.kz

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының өкілдері Тимой Емельянов пен Кирилл Тубаев 2022 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тубаев байдаркамен есуден (1000 метр) үшінші болды. Бағдарламаның бұл түрін қытайлық Дон Чжан жеңіп алды. Мәре сызығына екінші болып өзбекстандық Шахриер Махкамов келді.

Емельянов каноэда есуден (1000 метрге) дара есу жарысының финалында қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Тайпейден келген Канг-Че Лайға бұйырды. Өзбекстандық Владлен Денисов екінші болды, деп хабарлады ҰОК.

Сонымен қатар, байдаркада және каноэде есуден Шмелева Ольга мен Подойникова Ирина жұбы Азия ойындарының күміс меделін жеңіп алды. Одан соң дәл осы жарыста Бровкова Мария мен Искакова Руфина жұбы да күміс алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары