$ 494.87  520.65  4.91

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.
Фото: Пресс-служба министерства культуры и спорта Казахстана
Фото: Пресс-служба министерства культуры и спорта Казахстана

Қазақстанның спортшылары Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.

Айта кетері, осы алтын жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы командалық есепте екі сатыға көтеріліп, үздік ондықты түйіндеп отыр. Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.

 Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары