$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтелеком» кино десе ішкен асын жерге қоятындар үшін жаңа тосын сый дайындауда

Бұл балалар үйінен түлеп ұшқан соң айналадағы жұрттың қатігездігін көріп, әділетсіздікке тап болған жетім жеткіншектердің тағдыр тауқіметі мен қылмысты өмірі жайлы шытырман оқиға.
Фото: Қазақтелеком
Фото: Қазақтелеком

«Қазақтелеком» барша қазақстандықтар мен кино десе ішкен асын жерге қоятын көрермен үшін өзінің TV+ мульти-платформасында жаңа тосын сый дайындауда. Осы аптада ең ірі телекоммуникация операторының сервис пайдаланушылары Salem social media компаниясының QARGA сериясын бағалай алады.

Бұл балалар үйінен түлеп ұшқан соң айналадағы жұрттың қатігездігін көріп, әділетсіздікке тап болған жетім жеткіншектердің тағдыр тауқіметі мен қылмысты өмірі жайлы шытырман оқиға. Өткен аптада телехикая жанкүйерлері үшін Salem компаниясының «ШОБ» таспасының көрсетілімі басталды, бұл сериал да көрерменнің ықыласына бөленіп, қолдау табуда.

TV+-тегі кезекті жоба – 10 сериялық «Шағын және орташа бургерлер» немесе «ШОБ» телехикаясы бургер дәмханасын ашып, жергілікті фаст-фуд нарығын жаулап алмақ болған үш дос туралы баяндайды. Фильм режиссері Евгений Паламарчук, сценарий авторы Арыстан Каунев.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін біздің TV+ платформамызда «Қара аула» сериалын көрсеткенбіз, қазір «ШОБ», одан бөлек тағы екі туындының тұсауы кесілмек. Қазақстандықтардың не қалайтынын бақылап, жүргізілген талдау көрсеткендей, қарапайым көрерменнің де, нағыз киноман арасында да отандық немесе жергілікті контент өте танымал болып шықты, адамдар біздің киноны көргісі келетініне көзіміз жетті. Мұны әлеужелідегі көрерменнің сансыз пікірі мен шолуынан көруге болады, демек, біз ешкімді бей-жай қалдырмайтын осындай ерекше оқиғаларға деген сұранысты орындаймыз. Қазір көрерменнің сын көзіне ұсынатын бірқатар жобаны дайындап жатырмыз, әрі олар да «Қара аула» мен «ШОБ» сияқты TV+ пайдаланушылары арасында танымал болатынына сенімдіміз, - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.  

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде «Қазақтелеком» мен Salem social media ынтымақтастығы аясында Бішкектің қылмыстық ауданында тұратын төрт достың бастан кешкен оқиғасын баяндайтын, шынайы өмірге негізделген алғашқы жергілікті телехикая – «Қара аула» қылмыстық 10- сериялық драма TV+ платформасына шыққан болатын. Әп-сәтте кедейліктен құтыламыз деп ойлаған бозбалалар ойнап жүріп от басады, арасында ажал құшқандары да бар. TV+ платформасында болған бір жарым ай ішінде, «Қара аула» көрсетілім жағынан ең үздік контенттің шыңына шықты, осы уақыт ішінде телехикаяны 120 мыңнан астам қолданушы көріп, 2,2 миллион рет шерткен.  Бұл TV+ платформасын 2021 жылы көктемде іске қосқан сәттен бергі бейнеконтент көрсетілімі бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары