03.10.2023, 09:20

Азиада-2023: Ел қоржынына тағы екі қола мен бір күміс медаль түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы аралас эстафетадан отандастарымыз күміс жүлде алған еді. Сонымен қатар Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.

Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.