$ 443.37  474.49  4.83

Оралда мектеп өртенді

Келтірілген шығын, өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Фото: Mgorod.kz
Фото: Mgorod.kz

Оралда балалар өнер мектебінің шатыры өртенді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Мой город-қа сілтеме жасап.

Сағат 17.46-да Н.Башмаков көшесі 6-мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан №1 өнер мектебі ғимаратының шатырында рубероидты төсеу кезінде газ қоспасы жарылған (қираусыз). Жалын шамамен 40 шаршы метрді шарпыған. Өртке 3 ранг беріліп, оқиға орнына ТЖ департаментінен 48 адам және 9 техника жетті. Оқиға орнына жеткен кезде 3 ранг расталмады, департаменттен 9 адам 2 техника жұмыс істеді. Олардың жедел әрекет етуі нәтижесінде өрттің өршуіне жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын, өрттің шығу себебі анықталу үстінде, - делінген БҚО ТЖ департаменті хабарламасында.

Тілсіз жау сағат 18.00-де оқшауланып, 18.15-те ауыздықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары