Петропавлда 200-ден аса отбасы уәде етілген пәтерге көше алмай отыр. Кезекте тұрғандардың кейбірі мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазір олар баспана жалдауға мәжбүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Almaty.tv сайтының мәліметінше, Петропавл тұрғыны Ардақ Айтжанов 5 жыл бойы пәтер алуға кезекте тұрған. Осы күзде ер адамға кілт беруге уәде берілген. Бірақ құрылыс кенеттен тоқтап қалды. Енді ол отбасымен туыстарында тұруға мәжбүр.
Ешқандай күрделі өзгеріс жоқ, жұмысшылар аз дейді, көп қабатта жұмыс жүргізілмеген, бір ай бойы өзгеріс жоқ. Жаңбыр кезінде пәтерлерге шатырдан су кіреді. Байланыс мәселесі бар, – дейді қала тұрғыны Ардақ Айтжанов.
Сәуле Тасбай да баспана мәселесіне наразы. 47 жастағы әйел екінші топтағы мүгедек. Ол баспананы жалға алуға мәжбүр, бірақ аз ғана зейнетақысы ештеңеге жетпейді.
Өз кезегінде мердігер ұйым директорының орынбасары Зульфия Халитова үйдің дайындығы 95 пайыз деп сендірді. Ал қала әкімдігі бұл үй 10 күнде дайын болады деп сендірді. Ұзақ уақыт кешіктірілген жағдайда жосықсыз мердігер айыппұл төлейді.
Сыртқы желілер, сыртқы коммуникациялар барлығы жеткізілді. Біз электрмен жабдықтау жұмыстарын жүргізуіміз керек, сонымен қатар «Отбасы банкінде» конкурс бойынша өткен меншік иелерімен сатып алу-сату шарттарын ресімдейміз, - деді қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.
Бұл облыс орталығындағы пайдалануға берілмей тұрған жалғыз үй емес екені айтылды. Қалада тағы 8 нысанның құрылысы жоспарланған мерзімнен артта қалып отыр.