$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда жанар-жағармай таситын көлік өртке оранды

Өрті сөндіруге 13 қызметкер мен 2 техника жіберілді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматылық өрт сөндірушілер жанармай құю бекетінің маңынан шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, 3 қазан күні сағат 11:14-те Түрксіб ауданы Бурундайская көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түскен, деп жазды BAQ.KZ.

Өрті сөндіруге 13 қызметкер мен 2 бірлік техника жіберілді. ГАЗ 47-532 112 жүк көлігінің шанағынан 4 шаршы метр аумақта ашық жалынның жанып жатқанын анықталды. Автокөлікте жанар-жағармай құйылған бөшкелер болған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші оқиға кезінде қатты қорыққан, қазір жағдай тұрақты, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

№ 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жанып жатқан машинадан бес бос бөшкені эвакуациялаған. Өрт 11:35-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі - көлік салонындағы қысқа тұйықталу болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары