Көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев 3 қазанда өткен үкімет брифингінде Қарағанды облысындағы екі адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Талғат Ластаев апаттан кейін мамандар дереу тексеру жұмыстарын бастап, басқа да құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге барлық қажет құжаттаманы түсіріп алғанын айтты, деп жазады zakon.kz.
Әдетте, әрқашан үш нұсқа қарастырылады: адам факторы, жабдықтың істен шығуы, сыртқы әсерлер – метеорологиялық немесе кез келген басқа жағдайлар.Тергеу қорытындысы бойынша оның нәтижесі хабарланады, дейді Талғат Ластаев.Оның айтуынша, нұсқаушы ұшқыштың тәжірибесі жеткілікті болған, ол 1097 сағат ұшқан. Ұшқыш Жуковский атындағы әскери-әуе күштері академиясының Әскери-әуе күштерінің жоғары оқу орталығында алғашқы дайындықтан өткен. Оған 2019 жылы сертификат берілген.
Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының қатардағы студенті де қаза тапты.
30 қыркүйекте Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде екі орындық ұшақ апатқа ұшырады. Екі адам қаза болды.