$ 494.87  520.65  4.91

Енді 50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады

Қазақстандықтар арнайы интернет-портал арқылы петиция жібере алады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады. Мемлекет басшысы қол қойған "Қоғамдық бақылау туралы" және онлайн петициялар институтын заңмен бекітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді. Заң аясында петиция институты ресми түрде реттеледі, деп жазды qazaqstan.tv.

Енді қазақстандықтар арнайы интернет-портал арқылы петиция жібере алады.

Заң өтініш берудің бірнеше шектерін белгілейді. Аудандық деңгейдегі петицияларды ең аз дегенде 2,5 мың азамат қолдауы керек. Өтініш Үкімет деңгейінде қаралуы үшін 50 мың азаматтың қол қоюы қажет. Соңғы шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы қабылдайды, - деп жазды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында, - дейді 
ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары