Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qaz365.kz порталының жазуынша, ол 92 келі салмақ дәрежесінде үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.
Қоңқабаев - бокстан ерлер құрамасы сапында жолдамаға ие болған және финалға шыққан жалғыз боксшы.
Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншілеген еді.