$ 494.87  520.65  4.91

Үсік және ыстық: 5-7 қазанға арналған күн райы болжамы

Елдің солтүстігінде күндіз +15+23 градусқа дейін, оңтүстікте +20+28 градусқа дейін жылы болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

Елдің солтүстігінде күндіз +15+23 градусқа дейін, оңтүстікте +20+28 градусқа дейін жылы болады, – дейді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары