$ 441.58  480  4.86

«Тоқал алып беру керек»: 84 жастағы ата көпшілікті қара күшімен таңғалдырды

Бұрынғы шалдар мықты ғой.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде 84 жастағы қарияның таңғаларлық видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елміздегі тойлардың бірінде 84 жастағы қария пресске арналған құрылғымен көпшіліктің алдында жаттығу жасап, өнер көрсетті. Көп жас жігіттердің қолынан келе бермейтін жаттығуды еш қиналмастан жасаған ата жұртты таңдай қақтырды. Той жүргізіп жүрген асаба қарияның 84 жаста екенін айтқанда желі қолданушыларының басым көпшілігі сенбеді.

"Біздің қазақтар қосып айтпаса, іші ауырады”, “64 жаста болар”, “84 жас деген ақылға сыймайды”, “Атаның жасын өтірік айтып тұрған сияқты”, “1984 жылғы шығар”, “84 жасқа ұқсамайды", – деп күмән келтірді желідегілер. 

Алайда той иесі бейнежазба астында пікір қалдырып, көпшіліктің күмәнін сейілтті.

Сәлем достар! Менің тойым болды. Жасы 84-те. Өмір бойы спортпен айналысып келеді. Қыста мұз суатқа түседі, – деп жазды ол.

84 жастағы Мэльс Молдағалиұлының шәкірттері де видео астында пікір қалдырып, қарияның ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі екенін айтты.

“Керемет. Кез келген жас жігіттің қолынан келе бермейтін дүние”, “Біз жасасақ құлаймыз ғой”, “Жарайсыз, ғұмырыңыз ұзақ болсын”, “Бұрынғы шалдар мықты ғой”, "Атамызға тоқал алып беру керек", “Мықты екен”, – деп таңданысын жасыра алмады желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары