Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдер екі баланы темекі тартуға күштеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіден мәлім болғандай, «НеМолчиKZ» қорына Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында тұратын балалардың бірінің анасы шағымданған, деп жазады ҚазАқпарат.
Әйелдің айтуынша, ұлы мен оның досын (9 және 8 жасар) 13 жасар жасөспірімдер шақырған.
Балалар ойнауға шақырған деп ойлап, артынан ілескен. Жасөспірімдер аяқталмай қалған құрылысқа кіргізіп, қанша уақыт екені белгісіз, күштеп ұстаған. Иығынан, ішінен ұрған. Тізерлетіп, аяғының арасынан ұсынылған темекіні шегуге күштеген. Осының бәрін бейнежазбаға түсірген. Ұлымның досы бұған көніп, тұрып, темекі тартқан. Менің ұлым темекі тартпайтынын, өзін нашар сезінгенін айтып, жіберуді өтінген. Бірақ олар жібермей, кезек-кезек мұрнына, бетіне темекі түтінін үрлеген. Түтінге тұншыққан ұлым құлап қалған, мұны досы растады. Ал жасөспірімдер бейнежазбаға түсіріп, күлумен болған. Олар кетіп қалғаннан кейін балалар әйтеуір үйлеріне жеткен, - деп жазады әйел.
Түнде баласы есіріп: «Адамдар, көмектесіңдер, мені зорлап жатыр» деп айқайлаған. 1,5 жарым ай бойы анасы ақырындап не болғанын білген.
Ұлының досы да сондай күйде болған.
«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылованың хабарлауынша, ата-аналар Мичурин полициясына арыз түсірген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
23 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы полиция бөлімі Мичурин кенттік бөлімшесіне 1991 және 1986 жылғы әйелдер биылғы шілде айында балаларын темекі тартуға мәжбүрлеген жасөспірімге шара қолдану жөнінде шағым түсірген. Сол күні полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың бәрін анықтап, заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алды. Қазіргі кезде бүкіл жинақталған материал Бәйтерек ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға қарауға жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.