05.10.2023, 11:40

Азиада-2023: Каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты

Фото: Olympic.kz
Ол Малайзия спортшысы Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық жартылай финалда Малайзия спортшысы Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді.

Бұған дейін Нұрқанат Әжіқанов алғашқы айналымда Мұхаммед Шекху Алам (Непал), ал ширек финалда қырғызстандық спортшы Назым Нұрлановды жеңген болатын.