$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 30-дан астам мүшесі ұсталды

Олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында 30-дан астам адам ұсталған.

Операциялар бір мезгілде Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілген. Ұсталғандар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас өңірлерінде құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырғаны хабарланды.

Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.

Ведомство ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары