05.10.2023, 20:30

Азиада-2023: Қамшыбек Қоңқабаев бокстан күміс жүлдегер атанды

Фото: olympic.kz
Тартысты өткен жекпе-жекте өзбекстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Қамшыбек Қоңқабаев - ХІХ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңіліп, Азиаданың күміс жүлдесін еншіледі.

Тартысты өткен жекпе-жекте өзбекстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.