06.10.2023, 14:20

Азиада-2023: Галина Дуванова джиу-джитсудан күміс медаль алды

Фото: Olympic.kz
Ол 57 келі салмақта өнер көрсетті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Галина Дуванова джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Ұлттық олимпиада комиеті спортшы 57 келі салмақта өнер көрсеткенін мәлім етті.

Әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды, - делінген хабарламада.