06.10.2023, 17:00

Қарағандыда үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды

Фото: видеодан алынған кадр
Зардап шеккен бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды.

Қарағандыдағы сауда орталықтардың бірінде үш жасар бала эскалаторға қолын қысып алды. Баланы босату үшін құтқарушылар тобы көмекке шақырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбидің қолы эскалатордың механизміне қыстырылып қалған. ТЖ департаментінің құтқарушылары сағат 11:48-де шақырту алған.

Бұл Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды. Бала құтқарылды. Зардап шеккен бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды, - деді Қарағанды облысы ТЖД.