$ 494.87  520.65  4.91

Өмірінде үш-ақ рет шалбар киген, 300 қолшатыры бар патшайым туралы білесіз бе

Ол туралы аңыздар мен әңгімелер әлі талай жыл айтылатыны сөзсіз.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Осы күзде атақты патшайымның өмірден өткеніне жыл толады. 97 жыл өмір сүріп, 71 жыл тақта отырған патшайым туралы аңыз да, әңгіме де жетерлік. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы солардың кейбіріне тоқталып өтпек. 

Патшайымның Елизавета деген атынан бөлек тағы да екі есімі болған, ол: Лилибет және Cabbage. Бірінші есіміне бала кезде өз атын айтуға тілі келмей ие болған болса, екінші атын күйеуі Филипп берген. 

Әкесі Лилибет қызын бала кезінен бастап ел басқару істеріне баулыған. Үйлеріне қонақ болған әлемнің ең мықты педагогтарынан сабақ алған. Тіпті Архипескоптің өзі келіп діни дәрістер өткізген. Осылайша бала Лилибет өте білімді әрі ақылды қыз болып қалыптасып шығады. 

Бұдан бөлек ол әскери борышын да өтеген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, майданда жүк көлігін жүргізген. Бұл жылдар оның қайсар мінезіне тікелей әсер етеді. 

Ол өзінің күйеуімен сегіз жасында танысады. Олар 1947 жылы шаңырақ көтерді. Екеуі бір-біріне алыс туыс болып келетіні де жасырын емес. Грекия корольдігінен шыққан ханзада, корольдік әскери кеме флотының лейтенанты Филипке патшайымның жары болу оңайға соқпаған. Өйткені ол өмір бойы Патшайымның күйеуі деген атақты арқалап жүрді. Ол заң бойынша әйеліне бағынады және қашан да одан төмен тұрады. Халық алдына шыққанда әйелінен бірнеше қадам артта жүру де Филипп үшін шарт. Екеуінің төрт баласы, олардан көрген 10 немересі, 6 шөбересі бар. 

Елизавета II патшайым аяқ киім мен сөмке брендін ешқашан ауыстырмаған. Олар: Traviata мен Launer. Аталмыш брендтен 200 сөмкесі бар. Орамалдары тек Hermes брендінен. Тырнағына жағатын бояуының түсін сонау 1989 жылдан бастап өмірінің соңына дейін өзгертпей, рекорд қойған. 300-ге жуық қолшатыры болған және оны өзінен басқа ешкімге ұстатпаған. Елизавет патшайым үнемі ашық түстерден тұратын киім киген. Сондай-ақ белдемшеге деген ықыласы ерекше болған. 97 жыл ғұмырында үш рет қана ел алдына шалбар киіп шыққан. 

Патшайыммен суретке түскен кезде оны құшаққа қысуға тыйым салынған. Яғни, одан бес сантиметрге алыс тұру шарт. Дастарқандас болғандар оның астан алдымен өзі ауыз тигенін күтіп отырған. Ат спортын жаны сүйген және иттерді ерекше жақсы көріп, баптаған. 

Елизавета II – ең ұзақ билік еткен британдық монарх ретінде тарихта қалды. Ол туралы аңыздар мен әңгімелер әлі талай жыл айтылатыны сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары