Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналарда хабар тарату 50 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру ұсынылып отыр. 50/50 болған кез «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда бұрын, сонау 1999 жылы бекітілгенін ескеру қажет, - деді Аида Балаева.
Министрдің мәліметінше, БАҚ-та мемлекеттік тілде дайындалатын контенттің үлесі 80 пайыздан асты, деп жазды BAQ.KZ.
Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, мемлекеттік тілдегі телерадио хабарларын тарату көлемін 70 пайызға жеткізу туралы шешім қабылданды. Айта кету керек, ол бірте-бірте іске асырылады. 2025 жылдан бастап жыл сайын 5 пайызға өсіру көзделген, - деді Мәдениет және ақпарат министрі.