Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева ел қоржынына оныншы алтын салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Каратеден әйелдер арасында +68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Софья Берульцева финалда непалдық Арика Гурунгті 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.