Павлодардың бір дәмханасында жанжал болып жатыр деген шақыру келіп түсті. Шақыруға барған полицейлер дәмханаға келушілер арасында болған жанжал төбелеске ұласқанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
Мас күйде болған (медициналық куәландырумен расталды) жанжалға қатысушылар полицияның заңды талаптарына бағынбаған. Ер адам оқиға орнынан қашуға тырысып, полицейге қарсылық көрсеткен, сонымен қатар погондарын жұлып, нысанды киімдерін бүлдірген.
32 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Полицейлердің бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 4-бөлімінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Павлодар облыстық Полиция департаменті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.