Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасты.
Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.
Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:
1.Қытай - 383 (201-111-71)
2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)
3. Жапония - 188 (52-67-69)
4. Үндістан - 107 (28-38-41)
5. Қазақстан - 80 (10-22-48)
6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)
7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)
8. Таиланд - 58 (12-14-32)
Еске салсақ, бүгін Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды.
Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста қола жүлдегер атанды.