Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингте көш басындағылар өзгеріссіз қалды, белоруссиялық Арина Соболенко, Польша өкілі Ига Швентек және америкалық Кори Гауфф бұрынғыша үздік үштікте тұр.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 75-тен 68-ге көтерілді.
Бейжің WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Е.Рыбакинаны ұтып кеткен ресейлік Людмила Самсонова 22-ден 16-ға жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 32-інші, Е.Рыбакина 116-сатыда қалса, Жібек Құламбаева 152-ден 154-ке сырғыды.
Елена Рыбакина енді Мексиканың Канкун қаласында 29 қазан – 5 қараша аралығында өтетін WTA-ның қорытынды турниріне дайындалатын болады.
Юлия Путинцева бүгін Гонконг WTA 250 жарысының алғашқы айналымында ресейлік Анна Блинковамен ойнайды.