$ 494.87  520.65  4.91

«Жаңбыр жауады, жел күшейеді»: Бүгін ауа райы қандай болады?

Сондай-ақ температура төмендейді деп болжанды.
Фото: Ever2quest.org.ru
Фото: Ever2quest.org.ru

Синоптиктер 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметі бойынша, таяу күндері республиканың басым бөлігінде ауырқысымды түзілімдердің жылдам өзгеруі күтіліп отыр. Синоптиктер жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болады деп болжады, оңтүстікте жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ температура төмендейді деп болжанды:

батыс аймақтарда түнде -5+7°, күндіз +5+18°,

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде -5+5° дейін, күндіз +5+13° дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары