10.10.2023, 11:40

Елімізден екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтерілді.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.

Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр.

Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады.

Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.