$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі

Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
фото: Алматы ақшамы
фото: Алматы ақшамы

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі. Бұл атаққа бұған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанғандар үміткер бола алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтару тапсырмасы аясында Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. 

«Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және (немесе) әдебиет саласындағы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі, - делінген Үкімет қаулысының жобасында. 

Айта кетейік, «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық ақыны» атақтарын беру 1994 жылдан бастап тоқтатылып, олардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары