$ 498.34  519.72  4.85

Оқушыларға арналған үй тапсырмасырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды

Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

"Дүниетану" пәні бойынша үй тапсырмаларының бірі қазақстандықтардың таңданысын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған, деп жазады Stan.kz.

Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты, – дейді жазба авторы. 

Сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді. 

"Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?", "1-сыныптың "Дүниетану" оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша", "Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін", – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары