"Дүниетану" пәні бойынша үй тапсырмаларының бірі қазақстандықтардың таңданысын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған, деп жазады Stan.kz.
Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты, – дейді жазба авторы.
Сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді.
"Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?", "1-сыныптың "Дүниетану" оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша", "Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін", – деп жазды желі қолданушылары.