$ 494.87  520.65  4.91

Тұрлыханов ұлына шыққан үкімнен кейін отставкаға кету жайлы пікір білдірді

Мені халқым жақсы көреді.
Коллаж: ulysmedia.kz
Коллаж: ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына шыққан үкім күшіне енгеннен кейін "Депутат мандатынан кетесіз бе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz депутатқа осы сұрақты қойған.

Сот үкімі жайлы бірдеңе дегім келмейді. Алайда ата-аналар секілді дұрыс адам қылу үшін, ата-анасын қуанту үшін, ол елдің патриоты болуы үшін ұлыммен жұмыс істеуім керек. Ол - кәмелет жастан асқан бала. Өз әрекетін менімен ақылдасып жасамайды, – дейді мәжілісмен.

Тұрлыханов депутаттық мандаты сайлаушылардың қолында екенін айтады.

Бәрін менің сайлаушыларым шешеді. Егер маған сенген сайлаушылар “Құрметті, Дәулет Болатұлы. мандатыңызды тапсырыңыз десе, тапсырам. Әзірге ешкім ештеңе деген жоқ. Мені халқым жақсы көреді, – деді депутат.

9 қазанда Алматының әскери сотында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа ерлі-зайыпты заңгер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичтің арызы бойынша үкім шыққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары