11.10.2023, 11:40

ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалды

Фото: pixabay
Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның қалай болғанын KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов Кazinform агенттігіне айтып берді.

Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл — қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі, — деп түсіндірді ол.