$ 494.87  520.65  4.91

Арнайы операция: Маңғыстау облысында есірткі арнасының жолы кесілді

Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шекара қызметі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Операция нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді, - деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары