$ 494.87  520.65  4.91

Букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек.
Фото: bukmekerov.net
Фото: bukmekerov.net

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Егер сіз телефонды ашсаңыз немесе көшеге шықсаңыз барлық жерде 1xBet, Olimpbet секілді букмекерлік кеңселердің жарнамасын көресіз. Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек. Бұдан әрі сыртқы жарнамалар болмауы тиіс. Осыған байланысты қазір депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сыртқы жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз, - деді ол Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына. 

Сондай-ақ Тамара Дүйсенова бұл халықаралық тәжірибе екенін айтты. 

Букмекерлік ұйымдарды олардың кеңселерінде, спорттық телеарналарда, спорт ғимараттарында және спортшылардың жабдықтарында жарнамалау мәселесі шешіледі. Осылайша жарнаманың төрт түрі қалады. Бұл халықаралық тәжірибе, - деді Премьер-министрдің орынбасары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары