Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 12 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.