12.10.2023, 11:00

Тоқаев Қазақстанда 5G енгізуді мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды

Фото: Ақорда
Мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс.

Мемлекет басшысы Digital Bridge форумында Қазақстанда 5G енгізуді мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін беретінін айтты.

2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек.

Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс, - деп атап өтті Президент.