$ 495.2  522.34  4.94

Елімізде төрт мың бала қатерлі ісіктен емделіп жатыр

Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы.
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы. Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жалпы 13 мыңнан астам адам, аты жаман аурудың құрбаны болады. Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса дерттен айығуға мүмкіндік бар дейді. Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды. Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр.

Жыл сайын 30 мың онкологиялық операция химиотерапия немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары